You are here

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

 

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                 

    Б. Сағынтаев

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді
ратификациялау туралы

 

 

2017 жылғы 1 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісім ратификациялансын.

 

 

Қазақстан Республикасының
Президенті

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі

 

 

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
түсіндірме жазба

 

 

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) 2017 жылғы 1 қарашада Астанада қол қойылды.

Келісім қылмыстылықпен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігінің құзыретті органдары арасындағы қылмыстық қудалаудан жасырынып, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуге бағытталған.

Келісім тиісті жылдың республикалық бюджетінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көзделген қаражат есебінен және оның шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Келісім «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 және 13-баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.

Аталған Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

 

 

Қазақстан Республикасының
 Премьер-Министрі                                                                

   Б. Сағынтаев

 

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА<

 

 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

 

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган > Қазақстан Республикасының > Бас прокуратурасы

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының                       2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының               11-бабына сәйкес  

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Осы Шартты тиісті жылдың республикалық бюджетінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көзделген қаражат есебінен және оның шеңберінде жүзеге асырылатын болады

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Қылмыстық қудалау немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау үшін іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру мәселелерінде          Иордан Хашимит Корольдігімен           қарым-қатынасты реттеу арқылы қылмыстылықпен күресудің тиімділігін арттыру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы                  23 қарашадағы № 374 Жарлығы

 

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Қажет етпейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Жоқ

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

«Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС-нің 2016 жылғы 8 қазандағы  № 103 ғылыми құқықтық сараптамасы, «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ-нің 2016 жылғы           25 қазандағы № 19-07/414 ғылыми лингвистикалық сараптамасы

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің            2011 жылғы 20 мамырдағы    № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының www.prokuror.gov.kz ресми сайтында «Құжаттар» бөлімінің «НҚА жобаларын қоғамдық талқылау» бөлімшесінде 2018 жылғы «____» __________ орналастырылған. Файл өлшемі – _____ мегабайт.

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Қажет етпейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Ратификациялауға жатады

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                              

   Қ. Қожамжаров

 

 

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ

 

 

1

Заң жобасының бастамашысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі

2

Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

Құрылған жоқ

3

Заң жобасы жөніндегі бас комитет

 

4

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні

 

5

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары

 

6

Заң жобасының ғылыми сараптамасы

 

Мынадай қорытындылар бар:

1)      «Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС-гі жүргізген ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы;

2)      «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ жүргізген ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы.

Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

Ғылыми құқықтық сараптама ұсыныстары бойынша 13 ұсыныс - қабылданған жоқ, 1 ұсыныс – назарға алынды.

Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

Ғылыми құқықтық сараптаманың ұсыныстары бойынша салыстырмалы кесте қоса берілген.

7

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

Өткізілген жоқ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

7-1.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

 

8

Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

 

9

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының орынбасары А.И. Лукинге

10

Балама жобалардың болуы

Жоқ

11

Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

12

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымда дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган

 

13

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі

Шығарылған жоқ

14

Комитеттің Заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)

 

15

Қазақстан Республикасы Парламентінің Заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

16

Заңның күшіне енетін уақыты

 

17

Өзге де белгілер

 

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет жүйесінде
заң жобасын талқылау нәтижелері туралы анықтама

 

 

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімге 2017 жылғы 1 қарашада Астана қаласында Иордан Хашимит Корольдігінің Королінің Қазақстан Республикасына сапары барысында қол қойылған.

Келісім қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру мәселелерінде Иорданиямен қарым-қатынасты реттеу арқылы қылмыстылықпен күресудің тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

Келісімде ұстап беру және одан бас тарту үшін нақты негіздер айқындалған. Келісімді жүзеге асыру Иордан Хашимит Корольдігімен қылмыстылықпен күрестегі тиімді халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа әкеледі.

Келісім және оған қол қою туралы ақпарат мына сайттарда орналастырылған:

 

www.tengrinews.kz (2017ж.01.11);

www.zakon.kz (2017ж.01.11);

www.kazpravda.kz (2017ж.01.11);

www.sputniknews.kz (2017ж.01.11);

www.polpred.com (2017ж.01.11);

www.liter.kz (2017ж.03.11);

www.kazanalytics.kz (2017ж.05.11);

 

 

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудың мүмкін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдарының болжамы

 

 

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді.

Келісімге сәйкес Тараптар бір-біріне олардың аумағында жүрген, іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беруге әкелетін қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беруге міндеттенеді.

Келісімді ратификациялау екі елдің қылмыстылықпен күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді және теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарға соқтырмайды.

 

 

Қазақстан Республикасының

  Бас Прокуроры                                                                    

Қ. Қожамжаров

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.