You are here

Ұрланған активтерді қайтару шаралары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде «RothschildBankZurich» швейцарлық банктен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі «тыйым салынған» ақшалай қаражатты анықтады.

 Белгілі болғандай, қаржы М. Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде. М. Абдралиев «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Т. Жақаевқа, И. Әбдірахмановқа және Б. Құрманалиевке шет елде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектескені үшін күдікті.

 Осыған байланысты, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдады.

 Биылғы жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды.

 Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «ТАТ Кредит» ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде М. Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынды.

 Прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдады.

 Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша  2,1 млн.астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді.

 Атап өту қажет, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.