You are here

Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурордың 2018 жылғы 16 ақпандағы бұйрығымен Бас көлік прокуратурасында, Алматы, Павлодар, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кадрлық тағайындаулар орын алды.

Прокуратура органдарының бірінші санаттағы кадрлық резервінде тұрған  қызметкерлердің практикалық тәжірибесі мен басшылық өтілін ескере отырып, оларды келесі лауазымға ұсынды:

Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары қызметіне әділет кеңесшісі Жазира Аликқызы Нұрлыбекова тағайындалды.

Ол 1979 жылы туған. Ж.А. Нұрлыбекованың прокуратура органдарында15 жылдан астам жұмыс өтілі бар, оның ішінде 8 жыл Бас прокуратураның Орталық аппаратында істеген. Еңбек жолын Алматы облысы прокуратурасында бастаған. Бостон университетінің түлегі,  «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Массачусетс штатында (АҚШ) оқыған.

Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін бірнеше мәрте  ведомстволық наградалармен марапатталған.

Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметіне әділет кеңесшісі Марат Серікұлы Тойжан тағайындалды.

Ол 1977 жылы туған. М.С.Тойжанның прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 20 жыл, Бас прокуратураның Орталық аппаратында да қызмет атқарған.

Маңғыстау облысы прокуратурасында бірқатар қызметтерді, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған. Заң ғылымдарының кандидаты.

2006-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының және Жаңаөзен қаласының, 2016 жылдың маусымынан бастап Ақтау қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін Елбасы Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметіне әділет кеңесшісі Ержан Ерғалиұлы Бөлегенов тағайындалды.

Ол 1978 жылы туған. Е. Е. Бөлегеновтің прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 18 жыл, оның ішінде Бас прокуратураның Орталық аппаратында 3 жыл қызмет атқарды.

Еңбек жолын Астана қаласының прокуратурасында бастаған. 2009-2015 жылдары Астана қаласының Есіл ауданы және Ақмола облысы Көкшетау қаласының прокуроры қызметтерін атқарды.

2015 жылдан Павлодар қаласының прокуроры.

Қадағалау қызметіндегі жетістіктері үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Берік Жұмажанұлы Құлмағамбет тағайындалды.

Ол 1981 жылы туған. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі – 15 жыл.

Прокуратура  органында әр түрлі қызметте жұмыс атқарды, соның ішінде Алматы облысы және Астана қалалық прокуратурасында басшылық қызметте еңбек етті. 2015 жылдың сәуірінен бастап Бас көлік прокуратурасының Атырау көлік прокуроры лауазымында қызмет атқарды.

Павлодар қаласының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Айдос Тұрсынжанұлы Чорманов тағайындалды. 

Ол 1978 жылы туған. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 17 жыл, соның ішінде Бас прокуратураның Орталық аппаратында 11 жыл қызмет атқарған. Соңғы аттестацияның қорытындысы бойынша жоғары лауазымға жылжытылды.

Прокуратура  органындарында әр түрлі қызметте жұмыс атқарды, соның ішінде Алматы қаласында және  Бас прокуратурада басшылық лауазымдар атқарған.

Жаңадан тағайындалған қызметкерлер төменгі лауазымдардан бастап, прокуратура органдарының барлық қызметтік сатыларынан өткен.

                                                        

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.