You are here

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың сақталуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың сақталуы туралы - 719205542

Астана қаласы, 2018 жылғы 19 сәуір. Бүгін Бас Прокурор  Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен қылмыстық жазалардың орындалуы кезінде заңнаманың сақталуына және «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне тексеру қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті.

Оған Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Дін істері және Ақпарат министрі, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қатысты.

Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қылмыстық процесті ізгілендіру мен репрессивтілігін азайту мақсатында кешенді шаралардың қабылданғанын атап өтті.

 Нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында халықаралық түрме индексі бойынша Қазақстан 3-тен 73-ші орынға көтерілді. Елдегі жазасын өтеушілердің саны 100 мыңнан 35 мыңға азайып, 8 колония жабылды. Бюджеттің үнемделуі 12 млрд теңгені құрады.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев пенитенциарлық жүйедегі орын алған кемшіліктерге және онда нақты реформалардың жүргізілуі қажет екеніне назар аударды.

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерулер заңдылықты қамтамасыз ету мен қамаудағылардың құқығын қорғауда  проблемаларды анықтады.

Сотталғандар арасында жасалатын қылмыс 44%-ға артты. Құқық бұзушылықтардың негізіне өзара қақтығыстар, режимді әдейі бұзу және денеге зақым келтіру енеді.

Қ. Қожамжаров азаптаудың алдын алу  мен ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізу қажеттілігін ерекше атап өтті. Осы орайда, ІІМ-не түзеу мекемелеріндегі режимді қамтамасыз етудің тетігін жетілдіру бойынша  тапсырма берді.

«Әрбір түскен шағым бойынша әрекеттер бірыңғай алгоритмін дайындау қажет», - деді Бас Прокурор.

Сотталушылардың арасындағы өлімнің өсуіне назар аударылды. Бүгінгі күнде түзеу мекемелерінде 756 мүмкіндігі шектелген, 25 ісік ауруына шалдыққан және дербес жүріп-тұра алмайтын 4 адам бар.

Осыған орай, Бас Прокурор Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктеріне Бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімдерінен бұрын босату үшін аурулар тізімін қайта қарауды тапсырды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне шамамен 800 сотталған-  мүгедектерге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуді ұсынылды.

Сонымен қатар қамау орындарынан босатылған адамдарды еңбекпен толыққанды қамту  тетігін әзірлеу қажеттілігі айтылды.

Прокурорлық тексерулер нәтижесінде сотталғандарды еңбекпен қамту және материалдық-техникалық қолдауын көрсетуге тартылған «Еңбек» мекемесінің қызметінде мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтың жүйелі түрде бұзылуы, лауазымды асыра пайдалану,  бюджет қаржысын жымқыру анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке 3 млрдтан астам теңге көлемінде залал келтірілді, 32 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сөз сөйлегендердің баяндамасында еңбекпен қамту үшін құрылған кәсіпорын іс жүзінде жеке пайда табудың көзіне айналғанын атап өтілді.

Соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысындағы филиалдардың 5 басшысы сотталды.

Биыл «Еңбек-Көкшетау» және «Еңбек-Қостанай» филиалдарының басшыларын пара алғаны үшін жауаптылыққа тартылуда.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері Астана, Ақмола және  Алматы облысы мекемелерінде анықталды.

Пробация саласында да бірқатар кемшіліктер орын алған. Атап айтқанда, жергілікті органдар сотталушыларды қайта әлеуметтендіру жұмысын қажетті деңгейді үйлестірмейді. Сондай-ақ денсаулық сақтау, әділет, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету органдарының арасында өзара ынтымақтастық қамтамасыз етілмеген.

Жауапты лауазымды тұлғалардың баяндамалары мен есептерін тыңдап, талқылау қорытындысы бойынша Бас Прокурор жазаларды орындау жүйесін жетілдіру қажеттілігін атап өтті.

«Негізгі бағыттарды айқындай отырып, кешенді шаралар мен Қылмыстық-атқару жүйесін реформалау стратегиясы қажет. Жазаны атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікте» болу керек.  Сотталғандардың қадір-қасиеттерін төмендетпей, колониялардағы режим әдісін түпкілікті өзгерту, сондай-ақ сотталғандарды әлеуметтендіруді үйлестіруде әкімдердің жауапкершілігін артттыру қажет», - деді   Қ. Қожамжаров.

Жиын нәтижесінде аталған саладағы заңдылықтың жай-күйін жақсарту бойынша бірқатар нақты ұсынымдар дайындалды.

 

  ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

            8 (7172) 71 29 38,              

8 (7172) 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.