Қарағанды облыстық прокуратурасында электронды қылмыстық істі енгізу мәселесі талқыланды | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

Қарағанды облыстық прокуратурасында электронды қылмыстық істі енгізу мәселесі талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облыстық прокуратурасында «Электронды қылмыстық істі» енгізу мәселесіне арналған кеңес өткізілді.

Кеңес Бас прокуратура өкілінің, сонымен қатар, қадағалау органының облыстық аппаратының қызметкерлерінің және облыстың құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өтті.

Кеңесте құқық қорғау органдарының қылмыстық іс жүргізуді жаңғырту туралы Заңның қылмыстық істі электронды тергеу тетіктерін енгізу бөлігінің қағидаларын жүзеге асыруға дайындықтары талқыланды.

Қатысушылар қылмыстық істерді аталған нысанда тергеу қылмыстық іс жүргізу барысында оның барлық мән-жайларының жан-жақты, толық және объективті зерделенуін қамтамасыз ету мақсаттарына жетуге ықпал ететін атады.

  Сонымен қатар, бұл шара іс материалдарының процеске қатысушылардың барлығына бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, тергеу барысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Кеңес нәтижесі бойынша құқық қорғау органдарын техникалық тұрғыдан арнайы құрылғылармен жабдықтауға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды.

 

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.