You are here

Грузиядан экстрадицияланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қ., 2018 жылғы 14 сәуір. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен Грузиядан Елнұр Мәмедов экстрадицияланды.

Қостанай облысы ІІД іздестіріп жүрген күдіктіні беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауын Грузия Әділет министрлігінің Бас прокуратурасы қанағаттандырды.

Ол 2016 жылы «ФсТс» ЖШС тиесілі «Технострой» дүкенінен  65 млн. теңгеден астам ақшаны ұрлағаны үшін күдікті.

Мәмедов қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Өткен жылдың шілде айында Мәмедовты Грузияның құқық қорғау органдары ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторында.

 

 

ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.