You are here

ГФР делегациясы Қазақстанның Бас прокуратурасында болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ГФР делегациясы Қазақстанның  Бас прокуратурасында болды - 1382792149

2018 жылғы 28 тамыз, Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров қылмыстық сот ісін жүргізудегі герман моделіне қатысты сараптамалық қорытындылар беру үшін Астанаға келген ГФР делегациясымен кездесті.

Өз кезегінде Қ. Қожамжаров Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау, тараптардың бәсекелестік деңгейін арттыру және әсіре қатаңдықты төмендету бойынша жүргізіп отырған саясаты туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысы өткен жылдың желтоқсанында құқық қорғау қызметін жаңғырту туралы заңға қол қойды. Осы заң Германияның тәжірибесі бойынша ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін кемітіп, адам құқықтарын шектейтін санкциялардың бәрін сотқа берді және бұйрықтық іс жүргізуді енгізді», - деп атап өтті Қ. Қожамжаров.

Гессен жер сотының президенті Вильгельм Вольф пен Франкфурт қаласының Бас прокуроры Альберт Шрайбер Қазақстанның ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі белсенді ұстанымын атап өтті.

Қазақстанның Бас прокуроры ведомстволар арасындағы қалыптасып отырған қарым-қатынастар нығая түсетініне және екі мемлекеттің аумағында да заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында дамитынына сенім білдірді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.