You are here

Бас Прокурор жолаушыларды тасымалдау саласында тексеріс ұйымдастыруды тапсырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018  жылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Жолаушыларды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау саласына талдау осы саладағы жүйелі бұзушылықтардың бар екендігі туралы куәландырады.

Тасымалдау техникалық ақаулы және заңсыз қайта жабдықталған автобустармен, рұқсат құжаттарынсыз, жол қозғалысының, жолаушыларды тасымалдау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып жүзеге асырылады.

Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына орны толмас зардап қаупін тудырады – жолаушылар автокөліктеріндегі оқиғалар адам өлімінің себебі болып отыр.

Осыған байланысты, Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Бас көлік прокуратурасына және облыс прокурорларына аталған салада тексерулер ұйымдастыруды тапсырды.

Аталған шаралардың мақсаты белгіленген жолаушыларды тасымалдау талаптарын өрескел бұзушы тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу, сондай-ақ жолдардағы апаттар мен төтенше жағдайлардың себептерін жою болып табылады.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 (7172) 71 27 66
8 (7172) 71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.