You are here

Бас Прокурор Ұлыбританияның еліміздегі Елшісімен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор Ұлыбританияның еліміздегі Елшісімен кездесті - 826972789

Астана, 2018 жылғы 12 сәуір. Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.

Кездесу барысында Елші қадағалаушы органның қызметі, Қазақстанда жүріп жатқан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама саласындағы реформалар туралы хабардар етілді.

Тараптар Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі шартты іске асырудың тиімділігін атап өтіп, қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ сотталғандарды  беру және тапсыру туралы келісім жасаудың мүмкіндігі тілге тиек етілді.

Қ. Қожамжаров британдық құқықтық жүйенің тәжірибесін үйрену, сондай-ақ терроризм және қылмыспен күрес, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қос мемлекеттің құқық қорғау органдарының күшін біріктіру қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі аясында өзара табысты қарым-қатынас талқыланды. Аталған қаржы орталығының жүйесі ағылшын құқық қағидаларына негізделген. Бас прокуратура мен Орталықтың арасындағы ынтымақтастық туралы тиісті Меморандумға өткен жылдың тамыз айында қол қойылды. 

Кездесу соңында Қ. Қожамжаров Қазақстан-Британ қатынасын одан әрі қарай жалғастыруға дайын екенін білдірді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.