Бас Прокурор Президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі туралы баяндап берді | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

Бас Прокурор Президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі туралы баяндап берді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор Президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі туралы баяндап берді - 281412322

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас Прокурормен кездесу өткізді.

Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүдделерінің  сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты.

«Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Қайрат Қожамжаров еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы туралы айтты.

Прокуратура органдары тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.

Азаматтардың еңбек, коммуналдық саласында, жер қатынастарында және тариф айналымы және еңбекпен қамту салаларындағы құқықтарын қорғау бойынша бірқатар прокурорлық тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде 3,5 млн азаматтың құқығы қорғалды, оның ішінде 1 млрд теңге мөлшерінде жалақы қарыздары өтелді, 1,5 млн. тұтынушы үшін 7 аймақта тарифтер төмендетілді. Жалпы азаматтар мен мемлекетке 117 млрд теңге болатын залалдың орны толтырылды.

Елдегі қылмыстылық деңгей 10% төмендетілді – 196 мыңнан  176 мыңға дейін.

Одан өзге, Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдарының қызметіне қадағалау жасау туралы есеп берді.

Қылмыстық процесті реформалау бойынша қабылданған шаралар мен құқық қорғау қызметінің репрессивтілігін төмендету жайлы айтылды.

Ұсталғандардың саны 34% (с 9 789 до 6 508), ал тергеу барасында қамауға алынғандар 30% (8 835-тен 6 148-ға дейін) төмендеді.

Прокуратура органдарымен уақытша ұстау изоляторлары және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметтік кабинеттерінен босатылғандар саны 4 есеге ( 37-ден 59-ға дейін) ұлғайды.

Соттар бас бостандығынан айыру жазасын сирек тағайындауда. Осы жылы олардың 12 мыңынан үшінші бөлігі немесе 4 мыңы ғана  колонияға жіберілді.

Сондай-ақ Қайрат Қожамжаров сот актілерінің заңдылығын қадағалаудағы тиімділіктерге тоқталып өтті.

Бас Прокурордың наразылығы негізінде Жоғарғы Сотпен 200 тұлғаның жағдайы жақсартылды, оның ішінде 37-сі ақталды және 166-сының жазалары жеңілдетілді.

Түрмедегілердің саны жыл басынан бастап 3 мыңға азайды  (35 805 мыңнан 33 041 мыңға).

«Сіз өткен айда қол қойған ізгілендіру туралы Заң бүгінгі күні 230 адамның жағдайын жақсартты, олар экономикалық және мүліктік қылмыстар жасаған. Жалпы қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау біздің әрдайым бақылауымызда», - деді Бас Прокурор.

Көліктегі және жолаушылар тасымалы саласындағы қауіпсіздік мәселелері жеке талқыланды.

Жауынгерлік әзірлік, жұмылдыру мен әскери мүлікті сақтау нәтижелері туралы да  сөз болды.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Бас прокуратурның баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.