You are here

Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінде қылмыстық  заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланды - 1609618884

Астана қаласы, 2018 жылғы 22 ақпан. Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде қамауға алу мен бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау шаралары мен жазаларын қолдану саласын кеңейту, сондай-ақ қылмыстық заңнаманы бұдан әрі ізгілендіру мәселелері талқыланды. 

Бұл мәселенің өзектілігі Мемлекет басшысының Жолдауын құқық қорғау қызметін одан әрі ізгілендіру бөлігінде жүзеге асырумен байланысты.

Шараға Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми, Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президент Әкімшілігі  басшысының орынбасары Талғат Донақов және Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.  

Бүгінгі таңдағы сот-тергеу тәжірибесін талқылаған қатысушылар ведомствоаралық іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атай отырып, азаматтардың қорғалуы мен қауіпсіздік деңгейін төмендетпей, құқық қорғау қызметін әрі қарай ізгілендіруге бағытталған кешенді іc-шараларды әзірледі.

Бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау шараларының қолдану аясын кеңейту мүмкіндіктері қаралды: қылмыс бойынша қоғамдық жұмыстар мен бірқатар экономикалық, лауазымды және мүлікке байланысты қылмыстар бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды енгізу, сонымен қатар айыппұл мен кепіл мөлшерін азайту.

Кеңес барысында бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін қараған кезде күдікті мен айыпталушыны  сипаттайтын мән-жайлар жиынтығын, және де жасалған әрекетке сай келуін ескере отырып, жекелей түрде қарау қажеттілігіне құқық қорғау органдарының назарын аударды.   

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын кеңінен және бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдары басшыларының және облыс прокурорларының атына Нұсқау дайындады. 

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінде қылмыстық  заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланды - 1848258513
Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінде қылмыстық  заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланды - 1643028487
Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінде қылмыстық  заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланды - 1556501478

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.