You are here

Бас прокуратурада мерекелік жиын өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада мерекелік жиын өтті - 1751357840

Бас прокуратурада Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Ардагерлер мен прокуратура органдарының қызметкерлерін меркелермен құттықтаған Бас Прокурор прокуратура органдарының Отан қорғаудағы айрықша ролін атап өтті.

Жиында прокуратура органдарының ардагерлеріне ерекше ыстық ықыласты тілектер айтылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында бір жарым миллионнан астам қазақстандық иық тіресе ел намысын қорғады. 500-ден астамына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

«Бүгінгі жарқын мереке – бұл аталарымыз бен әкелеріміздің қайыспас қайсарлығы мен отансүйгішітігінің нәтижесі. Жеңіс мерекесі тарихтың өшпес парағы ретінде келешек ұрпақтың мәңгі жадында қалады», - деді Қ. Қожамжаров.

Мемлекет басшысы мереке қарсаңында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға прокурорлардың сіңірген еңбегін атап өтті. Президенттің Жарлығымен прокуратураның бірқатар қызметкеріне жоғары сыныптық шендер беріліп, мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кенебаевқа жоғарғы сыныпты шен – 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Астана қаласының прокуроры Болат Дембаевқа және Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаевқа 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені берілді.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Бас прокуратураның Қызмет бастығы Қайрат Жақыпбаев, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Бас прокуратура Қызмет бастығының орынбасары Берік Абилов, «Құрмет» орденімен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары Бахыт Әбішев пен Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Шәкір Шаяхметов, сондай-ақ «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Бас Прокурордың көмекшісі Бекжан Ермұханбетұлы мен Бас Прокурордың аға көмекшісі Александр Дуккардт марапатталды.

Қызметтік борышты үлгілі атқарғаны үшін Бас Прокурордың бұйрығымен прокуратура органдарының 78 ардагеріне және 175 қызметкеріне ведомстволық наградалар мен кезектен тыс сыныптық шендер берілді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратурада мерекелік жиын өтті - 1373043569

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.