Бас прокуратура М.Әблязовты жауап алу үшін шақырады | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

Бас прокуратура М.Әблязовты жауап алу үшін шақырады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура аса ауыр қылмысты жасау фактісі бойынша М.Қ. Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу барысында Е.Н. Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастыруда күдіктінің әрекетін құқыққа қарсы деп бағалайтын дәлелдер табылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 208-бабы 1-бөлігіне сай күдікті жауап алуға шақырылады.

Алайда, М.Қ. Әблязовтың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс болуына және келуден жалтаруына байланысты Бас прокуратура ҚПК 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні жауап алуға шақыру туралы хабарландыруды еліміздегі және Әблязовтың орналасқан жері Франциядағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды.

***

«Күдікті Әблязов Мұхтар Қабылұлы, Сізге 2018 жылғы 16 тамыз сағ. 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 14 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі – жедел-тергеу тобының басшысы Бекжан Ермұханбетұлына келу қажет.

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті қорғаушыны өз еркімен шақыра алады немесе күдіктінің өтінуі бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргізетін орган қамтамасыз етедi (ҚР ҚПК 68-бабы).

Егер қорғаушы күдіктімен немесе оның заңды өкілімен, сондай-ақ олардың тапсырмасы бойынша басқа да тұлғалармен шақырылмаған жағдайда қорғаушыны қатыстыру қылмыстық процестi жүргізетін орган қамтамасыз етедi (ҚР ҚПК 67-бабы).

Шақырылған мерзімде келуге кедергі болған жағдайда, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш хат беру туралы ой болған жағдайда күдіктіге болмаса оның мүддесін белгіленген тәртіппен көздейтіндерге қылмыстық қудалау органын алдын ала ескерту қажет».

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.