Бас прокуратура Қазақ гуманитарлық заң университетінде сотталғандар туралы фотокөрме ұйымдастырды | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

Бас прокуратура Қазақ гуманитарлық заң университетінде сотталғандар туралы фотокөрме ұйымдастырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

желтоқсан 2017 жыл, Астана. Халықаралық адам құқықтарын қорғау күні қарсаңында Бас прокуратура Қазақ гуманитарлық заң университетінде өзінің үлгілі тәртібімен және адал еңбегімен бас бостандығына қол жеткізген, қоғамға бейімделген сотталғандардың тағдырларына арналған «Өз бостандығыңа қол жеткіз» атты фотокөрмені ұйымдастырды. 

Жоба бір кездері шалыс басып, бірақ өз қателігін мойындап, мемлекеттің қолдауымен өз өмірін жаңа парақтан бастаған үш сотталғанның өмірі жайлы баяндайды.

Аталған жобаға елордалық суретшілер Арман Байсадыков және Лена Сорокина, тілші Ксения Придатченко және оператор Азамат Жанабеков атсалысты.

Көрме түрме реформасы аясында өткізілуде және статистикадан тыс нақты адамдардың тағдырларымен танысуға мүмкіндік береді.

Жобаның кейіпкерлері:

Анар Сулейменова, 38 жаста, Семей қаласының тұрғыны. Алты баланың анасы. Алтыншы баласын колонияда босанды. Мерзімін алаяқтығы үшін өтеді. Шамалған ауылында әйелдер колониясының жанындағы Балалар үйінде волонтер болып бала бағушы ретінде бастап, кейіннен ресми түрде жұмысқа орналасты. Қазір пробация қызметінің арқасында аспаз-кондитер курстарына қатысып, мектепте тәжірибеден өтуде.

Қазыбек Нұртазин, 33 жаста, Орал қаласының тұрғыны. Қазыбек тонау, қорқытып алу, адамды ұрлау секілді үш бап бойынша сотталып, бас бостандығынан айырылды. Колонияда екі жылдың ішінде керамзитблоктарын, сақиналар мен металл конструкцияларын өндіру бойынша бизнес ашты. Өнеркәсіптік аймақтағы өз кәсіпорнына жиырмадан астам адамды жұмысқа алды. Қазір үйлер салып, автобустар мен КАМАЗ-дарды жалға берумен айналысады. Жұмысшыларының арасында темір тордан босатылғандар да бар.

Александр Некрасов, 28 жаста, Қарағанды қаласының тұрғыны. Мерзімін топтық қарақшылық үшін өтеді. Колонияда ағаш ұстасының көмекшісі болып жұмыс істеп, дәл сол жерде дәнекерлеу кәсібінің барлық қыр-сырын меңгерді. Пробация қызметінің арқасында газ-электр-дәнекерлеуші мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстарды оқыды, қазір «Аспап» кооперативінде жұмыс істейді. Мерзімін өтеген соң үйленіп, тұңғыш сәбиінің дүниеге келуін күтуде.

Көрме ашылғаннан кейін EUCJ компаниясының Қазақстандағы операциялық басшысы Сәуле Мектепбаева тыңдаушыларға дәріс оқыды.

Дәріскер а.ж. 22 қарашасында Мәскеу қаласында «Жобалық Олимп» мемлекеттік секторында жобалық қызметті кәсіби басқарудың халықаралық сайысында «Кешенді жобаны басқару» номинациясында жылдың ең үздік жобасы ретінде танылған және 2012 жылдан бері прокуратурамен бірге іске асырылып келе жатқан «Түрмедегілердің санын азайту бойынша 10 шара» атты жобаның нәтижелері туралы баяндады. 

Бұл жобаның іске асырылуы бес жылдың ішінде Қазақстанға бірқатар еуропалық елдерді артта қалдырып, түрмедегі адамдардың саны бойынша халықаралық рейтингте 70-орнынан 35-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Жоба іске асырғалы сотталғандардың саны жиырма бес пайызға азайды (2012 жылы – 49 мыңға жуық адам, ал қазір – 35 мың адам). Темір тордың аржағында отырған адамдар санының азаюы 2016 жылы 8 колонияның жабылуына және бюджеттен бөлінетін шамамен 12 млрд. теңгенің үнемделуіне септігін тигізді.

Көрме Еуропалық Одақтың Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасының (EUCJ) қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақ гуманитарлық заң университетінде 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

                _________________________________

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.