You are here

Алаяқтық жасаған деп күдіктелуші Германиядан экстрадицияланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, «Лидер Нефтепродукт KZ» ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді  қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан экстрадициялады.

Ұсталған алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен «Bank RBK» АҚ-нан  аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп күдіктелінуде.

2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд. теңгені және  83 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып қалған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.        

Қазіргі уақытта Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторында.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.