You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланды

Астана қаласы, 2018 жылғы 22 ақпан. Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде қамауға алу мен бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау шаралары мен жазаларын қолдану саласын кеңейту, сондай-ақ қылмыстық заңнаманы бұдан әрі ізгілендіру мәселелері талқыланды. 

Бұл мәселенің өзектілігі Мемлекет басшысының Жолдауын құқық қорғау қызметін одан әрі ізгілендіру бөлігінде жүзеге асырумен байланысты.

Пікірлер саны: 0

«Қорғас» ШЫХО аумағындағы алаяқтық

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар қызметі «Базис Алатау» ЖШС басшылары  Б.Баймуханов, Г.Набиеваларға және басқаларға ҚХР-ның үш азаматы Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джуньдарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Пікірлер саны: 0

Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

Бас прокурордың 2018 жылғы 16 ақпандағы бұйрығымен Бас көлік прокуратурасында, Алматы, Павлодар, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кадрлық тағайындаулар орын алды.

Прокуратура органдарының бірінші санаттағы кадрлық резервінде тұрған  қызметкерлердің практикалық тәжірибесі мен басшылық өтілін ескере отырып, оларды келесі лауазымға ұсынды:

Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары қызметіне әділет кеңесшісі Жазира Аликқызы Нұрлыбекова тағайындалды.

Пікірлер саны: 0

Черногориядан экстрадицияланды

Астана қаласы, 2018 жылғы 14 ақпан. Бүгін Бас прокуратура және Қазақстанның ІІМ Интерполының қызметкерлері Черногориядан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Александр Лясотаны экстрадициялады.

ҚР Бас прокуратураның Солтүстік Қазақстан облысы ІІД іздестіріп жүрген адамын беру туралы тиісті сұрауын Черногорияның Әділет министрлігі қанағаттандырды.

Пікірлер саны: 0

Қ.Қожамжаров Бас көлік прокуратурасының жеке құрамының қатысуымен мәжіліс өткізді

12 ақпан 2018 жыл, Астана қаласы. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров бүгін Бас көлік прокуратурасында мәжіліс өткізді.

Мәжілісте жолаушылар және жүк тасымалының барлық көліктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қадағалау қазметін ұйымдастыру мәселелері қаралды.  

Пікірлер саны: 0

Алматы қаласы, Павлодар және Ақтөбе облысы прокуратураларында жаңа тағайындаулар

Елбасының келісімімен Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев Алматы қаласының прокуроры, Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.

Прокурордың екеуі де 2016 жылдан бастап облыс прокуроры лауазымына Президенттік резервте тұрған.

Пікірлер саны: 0

Бас Прокурор Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

2018 жылғы 8 ақпан, Астана. Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше Елшісі Мохаммад Ахмад Әл-Жабер мырзамен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы бұрын қол қойылған келісімдер барынша тиімді жүзеге асырылуда.

Пікірлер саны: 0

Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша өңірлерде Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізілуде

Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша Бас Прокурордың орынбасарлары, орталық аппарат қызметтерінің басшылары аумақтық прокуратура органдарының жеке құрамымен көшпелі жиналыстар өткізуде.

Өткен жылдың жұмыс нәтижесін қараумен қатар, өңір прокурорларының алдына қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қойылды. 

Облыс прокурорларына қоғамдық мүддені қорғау саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде жеке жауапкершілік жүктелді.

Пікірлер саны: 0

Жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдарының бірқатар басшылары жазаланды

2018 жылдың 26 қаңтарында өткен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде заңдылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай кемшіліктер анықталды.

Анықталған бұзушылықтар Бас прокуратураның Тәртіптік комиссиясында қаралды.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.